«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шыңғырлау ауданынан 22 оқушы Шымкент қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына Нұрлыбек Қайыржановтың жетекшілігімен барып, демалып қайттық.
Көліктен түсе сала әсем табиғаттың куәсі болдық. Жан-жағы тау, сарқырама, ұзын әрі әдемі ағаштар. Не деген ғажап көрініс еді?!
Еліміздің барлық облысынан жиналған балаларды отрядтарға бөлді. Біз 3-отрядта болдық. Әр күніміз жақсы көңіл күймен басталатын. Бос уақытымыз болған емес.Түске дейін сабақ оқыдық. Әрбір сабақты ұстаздар тартымды, әрі қызықты өткізетін. Тарих пәнінен берген ұстаздан Түркістанның шығу тарихы, киелі орындары жайлы қызықты мәліметтер алдық.
Күнде түрлі сайыстар, конкурстар, ойындар ұйымдастырылады. Сонымен қатар үйірмелерге де бардық. Саяхаттап тауға шықтық. Алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мен үшін бақытты балалық шағымның куәсі болған «Балдаурен» қимас мекеніме айналғандай.
Биылғы күзгі демалысымды шаттыққа толтырған мектеп директоры Сауле Амангелдіқызына, тәрбие ісінің орынбасары Ақбөбек Серікқалиқызына, мектептің ұстаздарына үлкен алғысымды білдіремін.
Бекзат Кабидуллиев
Тасмола мектебінің
7-сынып оқушысы
Шыңғырлау ауданы