Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында әрі 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мүгедектік анықтамасы бар балаларға арналған ертеңгілік өтті.
«Бар жақсылық балаларға» атты мерекелік концертке аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, Жаңақала аудандық мәслихатының депутаты Серік Жәрдемалиев, «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Жанболатов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров қатысып, балаларға ізгі тілектерін жолдады.
Одан әрі өмірге құштар бүлдіршін, жасөспірім қатысушыларға алдымен жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында қызықты көрініс қойып, ортада барлығы би биледі. Сонымен қатар өнерпаздар қызықты қойылымдар көрсетіп, әсем ән, күмбірлеген күй орындап, балалар сурет салып, «Кім мықты?» ойынын ойнап, концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараға қатысқан балалардың жүздерінен анық байқалған болатын. Жиын соңында ұйымдастырушылар арнайы дайындаған тағамдарын қойып, сыйлықтар мен құттықтауларын жолдап, қорытындылады.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz