21.10.2022, 9:15
Оқылды: 63

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»

«Балалар жылы» аясында Бөрлі аудандық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында фестиваль ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар эстрадалық вокал, мәнерлеп оқу, аспапта ойнау, хореография және қолөнер көрмесі бойынша сынға түсті.

концерт 3

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты аудандық мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы фестивалінің мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға етене араластыру. Олар да өзге адамдармен тең дәрежеде таланттарын көрсетуге құқылы.

концерт 2

Аудандық фестивальдің әділ қазылар алқасы қатарында "Жас дарын" қоғамдық қорының директоры, әділ қазылар алқасының төрайымы Татьяна Ищенко, Ақсай қаласының №5 ЖОББМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айнагүл Дарисова және Балалар өнер мектебіндегі фортепиано сыныбының жетекшісі Оксана Австриян, Үлгілі «Әдемі» би ансамблінің жетекшісі Әсел Бисенғалиева және Балалар өнер мектебінің вокал жетекшісі Аружан Баймурзина болды.

«Үздік жасампаз» аталымы бойынша фестиваль үміткерлерінің қолынан шыққан туындылары мен қолөнер бұйымдары мәдениет үйінің фойесінде орналасқан. Қалған номинациялар бойынша қатысушылар сахна төрінде өнер көрсетті.

концерт 4

Байқау нәтижесінде «Үздік жасампаз» аталымы бойынша Ақсай қаласының №7 ЖОББМ оқушысы Назым Қармыс, «Көркем сөз» номинациясы бойынша Ақсай қаласының №2 ЖОББМ оқушысы Асылым Жанұзақова, хореография бойынша Бумакөл МББК оқушысы Гүлжайсан Мурзиева, аспапта ойнау бойынша Бөрлі ЖОББМ оқушысы Рүстем Сүлейменов, ал эстрадалық вокал номинациясы бойынша Ақсай қаласының №3 ЖОББМ оқушысы Руссу Евангелина І орынды иеленді. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен дипломдар табыс етілді.

концерт 1

«Негізі осындай керемет шараға бірінші рет қатысып тұрмын. Әрине, бағалау қиын болды. Өйткені, әр бала ерекше тұлға және талантты. Дегенмен конкурс болғасын ең үздіктерін таңдап алдық. Балаларға шығармашылық табыс және дендеріне саулық тілеймін. Жалпы, керемет ұйымдастырылған. Мен үшін өте әсерлі кеш болды. Ата-аналары мен жетекшілеріне алғыс білдіремін», - деді әділқазы мүшесі Айнагүл Амангелдіқызы.

                                                                          Айдана Абдрахманова,

                                                                                          Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале