18.05.2025, 10:00
Оқылды: 265

Бас мүфти Бөкей еліне келді

Қазақ даласындағы алғашқылардың отаны саналатын Хан ордасы ауылына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев пен өкілдері, облыстық дін істері басқармасының басшысы А.Қаратай, облыстық өкіл имам С.Әлібаев келді.

FB_IMG_1747488978710
Сапардың негізгі мақсаты - Бөкей, Жәңгір хандардың рухына Құран хатым бағыштау, Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектурлық-этнографиялық музей қорығы арқылы елдің тарихымен танысу.

FB_IMG_1747488984832
Қадірлі меймандарды аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қарсы алып "қош келдіңіздер" айтып, ауданның тыныс-тіршілігі нен мағлұмат берді.
Нарын топырағына алғаш қадам басқан бас мүфти елдің тыныштығы мен амандығына, ауданның көркейіп, өркендеуіне арнайы Құран бағыштады.
FB_IMG_1747488991054

Естеріңізге сала кетсек, Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылдан бері ҚМДБ басшысы, бас муфти қызметін атқарып келеді.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале