31.10.2025, 23:25
Оқылды: 350

Бас жүлде – Қарлығашта

«Ғұмырын биге арнаған Ғұсманова» атты облыстық би байқауы да өз мәресіне жетті. Алты бірдей би ұжымы қатысқан би бәйгесі әдемі кешпен түйінделіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауға аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов арнайы келді.

IMG-20251030-WA0126

Сонымен кіл мықтының ішінен кім мықты атанды? Би додасында жарқын өнерімен, кәсіби шеберлігімен көзге түскен Казталовтан келген халықтық «Қарлығаш» би тобы бас жүлде мен 250 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

IMG-20251030-WA0112

Бірінші орынды талассыз иеленген ақжайықтық үлгілі «Сымбат» би тобы да 200 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.

Екінші орынды бір емес, екі бірдей команда өзара бөлісті. Тасқаладан жеткен халықтық «Жібек жолы» би тобы мен сайқындық үлгілі «Орда гүлдерінің» балғын бишілеріне 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

IMG-20251030-WA0135

Үздік үштікті түйіндеген жәнібектік халықтық «Ақмаржан» би тобы мен ордалық «Сымбат» үлгілі би ансамбліне де 50 мың теңгенің сертификаты берілді.
Тек ұйымдастырушылар ғана емес, «Орда гүлдері» үлгілі би ансамблінің жетекшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Сәуле Қасымқызы да өз атынан 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлығын жәнібектік «Ақмаржанға» табыс етті. Сәуле Қасымқызының төл шәкірті, бүгінде Астана қаласындағы белгілі хореограф Лаура Менеева да ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетіп, сонау Елордадан жолдаған медальдар мен арнайы кубокты Сәуле Сүндетова тасқалалық «Жібек жолына» табыстады.

IMG-20251030-WA0116

Надежда Фатихқызының ұрпақтары да сый-кәдесін ала келіпті. Ханордалық «Сымбат» би тобына музыкалық орталық сыйлап, анасының белді шәкірті әрі ол негізін салған «Надежда» ансамблінің жолын жалғаушы Сәуле Қасымқызына күміс жиынтығын сыйлады.

IMG-20251030-WA0133 «Надеждадан» түлеп ұшқан Сәуле Сүндетованың өз шәкірттері де бүгінгі байқауға құр қол келмеді. 100 мың теңгелік сертификатты «Орда гүлдері» ансамбліне тапсырып және қуантты.

Арайлым Есмағұлова
суретке түсірген Еркебұлан Бисенғалиев
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале