Ақжайық аудандық туризм және экология орталығы директорының орынбасары Қуаныш Аққалиев бастаған бір топ педагог Башқұртстанда өткен қосымша білім беру педагогтарының су жорығына қатысты.
Юлдабаев селосынан Кувандык қаласына дейін созылған тау өзені Сахмардың 6 сарқырамасымен 230 шақырым қашықтықта, оның ішінде ең қауіпті деген Баракөлдегі кедергілерден жүзіп өту сынынан олар сүрінбей өтіп, ресейлік әріптестерінің ілтипатына бөленді. Сөйтіп сертификатқа ие болды
Қатысушылар сондай-ақ селоларға сапарлары кезінде тұрғындардың, кәсіп иелерінің мал, бақша шаруашылықтарымен танысты.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz