3.06.2022, 15:30
Оқылды: 49

Баспана кезегі шешілсе...

«AMANAT» партиясының Теректі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Тілек Габдушев бүгін азаматтық қоғамдық қабылдау өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Досанов, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Руслан Хайруллин, аппарат басшысы Мирлан Еркебаев, Теректі ауылының әкімі Әсет Әубәкіров қатысты.

IMG-20220603-WA0031

Бетпе-бет жүздесуде Шаған ауылының тұрғыны А.Бақытжан баспана кезегінің шаруасын шешуді тілге тиек қылды.

IMG-20220603-WA0029

Ал Теректі ауылының тұрғыны М.Сұлтанов ​ өздерінің «Қайрат» шаруа қожалығына қосымша мал жайылымына жер беруді​ сұрады. Жер мәселесі турасында аудан әкімінің орынбасары Ержан Нұржанұлы кеңінен түсіндірді.

IMG-20220603-WA0032

Онлайн түрде бейнеқоңырау арқылы хабарласқан А.Сағынғалиева ауыз су мәселесін ортаға салды. Сондай-ақ, сарыөмірлік М.Апанаева жолдасына жұмыс сұрай келді. ​

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар сұрағына нақты жауап беріп, мәселелер жауапсыз қалмайтынын айтты.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале