7.02.2024, 18:00
Оқылды: 54

«Баспанадан бас тартты...»

Бәйтерек ауданы Чировта өткен есептік кездесу кезінде ауылдық округ әкімі Николай Штык ауылдастары үшін өткен жылдың қуанышты жаңалығы су құбырының ашылуы болғанын айтты. Екінші оң шешімін тапқан мәселе - ұзындығы 12,3 шақырым кіре беріс жол құрылысының былтыр күзде сәтті аяқталуы.

IMG-20240207-WA0051

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Марат Тоқжанов қазіргі таңда «Қаладан ауылға» бағдарламасымен Чировқа көпбалалы жанұялар қоныстандыру ісі қарқын алғанына тоқталып, осы бағытта бетпе-бет келген бірқатар түйткілді де атады.

IMG-20240207-WA0054

- Чировта бір емес, үш үй сатып алынды. Соның біреуі алты бөлмелі. Үйдің мал тұратын қора-жайы салынған. Технкалық су келіп тұр. Бау-бақшаға су құятын құдығы бір бөлек. Көгілдір отыны кірген. Ең алдымен, менен үй сұрап қабылдауға келген жеті балалы жанұяларға арнайы өзім хабарластым. Алты баласы барларға орынбасарларым қоңырау шалды. Бес немесе төрт балалыларға бөлім басшылары шықты. Сенсеңіз, сонда 7 баласы барлардың барлығы бірдей үйден бас тартты. «Кешіріңіз, мен үйді Чировтан емес, қаланың айналасынан сұрадым» деді. Ал ол жанұялар маған келгенде тұрып жатқан пәтерінің нашарлығын айтып, көз жасын көлдетіп отырған еді. Үй-жайды, қора-қопсысымен ұсындық. Алдына мал да саламыз дедік. Аудан бойынша 78 көпбалалы отбасы бар. Барлығы бірдей бас тартты. Жолға асфальт төселген. Жарты сағатта қалада болады. Ең бастысы, баспанасы өзінікі. Кішігірім шаруашылығын айналдырып отырса, ұтылмайды деп ойлаймын. Міне, осындай жағдай да бар. Ал келесі жылы Кирсанов, Чиров, Сұлукөл ауылдарына жаңадан үй саламыз. Жалпы ауданда көпбалалы отбасыларды ауылға қоныстандыру қарқын алғаны қуантады, - деді Марат Лұқпанұлы.

IMG-20240207-WA0052

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале