23.06.2023, 12:45
Оқылды: 56

Баспасөз – 2023: «Сырым елі» – менің туған редакциям!

Ауасын құшырлана жұту, даласында кең көсіліп шабу, адамдарын сағыну. Туған жерге деген махаббаттың осындай мөлдір көріністерінің қатарына – ауылдың төл газетін оқу дегенді қосар едік. 

IMG_3022

Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бүгінде Ақтөбе қаласында тұратын жерлесіміз Бауыржан Құрманқұловтың ел дегенде елеңдеуі бөлек. Жырын Жымпиты бетке қарап  жазатын Бәукең газетпен де үнемі байланыста. Кейде автор, көп жағдайда оқырман.

Қазір 2023 жылдың екінші жартыжылдығы үшін мерзімді баспа беттеріне жазылу жүріп жатыр. Өзі де газеттен түлеген Ақтөбедегі ақын аға науқанға қолдау білдіріп, жеке қаражатына 70 адамды газетке жаздырып, үлкен үлгі көрсетті.

- «Сырым елі» газетінің редакциясы – менің туған редакциям. Алғашқы өлеңдерім осы басылымның бетінде басылды. Редакция ішінде жақсы аға, жүйрік журналист Бақтығұл Ойшыбаевпен таныстым, қолынан ақындық жолға аттандым. Жосалы, Тасқұдық ауылдарындағы туыс – досқа сәлемімнің белгісі ретінде «Сырым елі» газетін  жолдаймын, - дейді қаламгер.

Айта кетейік, Бауыржан Құрманқұлов былтыр да 40 жанұя үшін газетке жазылып, азаматтық көрсеткен. Газетіміздің осы санынан ардагер журналисті Қуанышқали Ғұсмановтың ақын інісі туралы терең толғанысын оқи аласыздар.

 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале