Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Тасқала ауданында болып, бірнеше нысанды аралады.
Алдымен Достық ауылына қарасты Бастау елді мекеніндегі осыдан біраз жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған бөгеттің жұмысын көрді.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығын одан әрі өркендету бағытында мал су ішетін бөгетті жөндеу керектігі жөнінде аудан әкімі А.Халелов мәселе көтеріп, өңір басшысынан қаржы бөлуін сұраған еді. Бөгетті өз көзімен көрген облыс әкімі көмек көрсетілетінін айтып, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға тапсырма берді.
Тасқала ауданынан
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер