Ақжайық ауданы ардагерлерінің Оралдағы бастауыш ұйымы (төрағасы Жанат Сағынаев) «Таза Қазақстан» акциясына үлестерін қосуға ұдайы атсалысып, бастама көтеріп келеді.

Олар бүгін облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Самал» туристік лагерінде Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов бастаған қариялар тобымен бірге болып, 30 түп терек отырғызды.

Қалалық ардагерлер кеңесі шаһарды көріктендіруге қатысты халықты жұмылдыруды ұдайы назарда ұстап келеді. Осы орайдағы үндеуді жүзеге асыруда Ақжайық ауданы ардагерлерінің бастауыш ұйымы мұрындық болған бұл шара үшін туристік лагерь ұжымы оларға алғыстарын арнады.
Еркін Рай,
Ақжайық ауданы
