2.04.2024, 17:00
Оқылды: 88

«Бастысы сынақтан сүрінбей өтсек болғаны»

Апат айтып келмейді. Күні кеше Теректі ауданының ең көп халқы шоғырланған Подстепный ауылдық округін топан судың басқаны баршаңызға мәлім.

image-02-04-24-04-32

Тілсіз жаумен күресуде құтқарушылардан бөлек, еріктілердің де үлесі зор. Қиын сәтте қалыс қалмай, бір кісідей белсенділік танытты. Судан зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялық пункттерге жеткізіп қана қоймай, азық-түлік, киім-кешек, керек-жарақпен қамтып, барын салып жүр.

Ел басына күн туған осы бір сәтте жерлестері үшін шыр-пыр болып, қолынан келгенше қамқор болып жүрген подстепныйлық Артур Әділгерей көпке үлгі.

Жас та болса, бас болып, замандастарының жұдырықтай жұмылуына септігін тигізіп жүрген Артурмен тілдесудің сәті түскен болатын.

- Қазіргі жағдай - ауылдастарым үшін оңай кезең емес. Қаншама көше үйлерімен қоса су астында қалды. Өзім тұратын Комсомолская көшесі де солардың қатарында. Көрші-көлем, еріктілер болып тілсіз жауды ауыздықтауға бір кісідей жұмыла кірістік. Тұрғындарды су басқан үйлерден аман алып шығып, эвакуациялық пункттерге орналастырдық. Су тасқыны болып жатқан жерлердегі суды сорғызу, су өтетін жылғаларды құм толтырылған қапшықтармен қоршау жұмыстарын атқардық. Осы тұста өзім секілді еріктілердің еңбегінің ұшан-теңіз екенін айтқым келеді. Бұл күндер де артта қалады. Бастысы сынақтан сүрінбей өтсек болғаны, - дейді Артур Бақытжанұлы.

Подстепный ауылының тұрғындары қолғабыс қылған еріктілерге дән риза.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале