5.02.2025, 17:50
Оқылды: 173

Басылым қызметкерлеріне құрмет

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен  ұлттық басылым күніне орай баспасөз қызметінің ардагерлерімен кездесу өтті.

5f58f3a5-9faf-41cf-b9ac-64fdbcfd3717

Шара шымылдығы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Нүркен Сабировтың құттықтау сөзімен ашылды.

2bfa2b65-b078-4100-9e4f-6b09f2604cb3

Басқосуға арнайы шақырылған Ғабділман Карин, Сәрсенбай Қуанышалиев, Исатай Лайықов, Оразғаным Сихова, Талшын Өтеғалиева, Мария Бұйрабасова, Ағиба, Сәния Нұралиевалар, Асылғаным Сертекова, Ақзия Меңдалиева мен Райгүл Ижановалар өткен күннің естеліктерімен бөлісті. Қорғасын қайнатып, тары терген тауықтай, әр әріп таспаға тізген қиындық та, айлап емес, жартыжылдап жалақы алмаған жоқшылық кез де айтылды.

4fcd31c8-094f-48f5-b2a7-65123bc97c0e

– Бастысы, ол кезде халық жоқшылыққа төзімді, қанағатшыл, сабырлы еді. Жұмысымыз қиын, жалақымыз мардымсыз демеді. Артылған міндетті жауапкершілікпен орындауды ғана білдік. Бұдан кем болмадық.  Қандай қиындық болса да ынтымақ, бірлігімізден ажырмап едік. Қазірде мұндай барға тәубе, жоққа сабыр дейтін болмысымыздан айырылып бара жатқандаймыз,  – десті аға-апаларымыз.

  • Партиямыздың білімді қоғам қалыптастыру жолында елеулі қызмет атқарған азаматтарымыздың еңбегін дәріптейтін арнайы «Кітап – «AMANAT» партиялық жобасы бар. Аға буынның еңбек жолы – елге үлгі. Отбасыңызға тілекші боп, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп, аман отырыңыздар, – деп «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов басылым қызметінің ардагерлеріне алғысхат табыстады.

301bd9d5-5820-434d-9264-8d2dc178eeca

Аудандық «Орда жұлдызы» газетінің редакторы Ұлпан Жакина да атаулы күнді елеусіз қалдырмай, тағылымды шара өткізген ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Анар Артықбай,

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале