Ұлыстың Ұлы күніне орай Теректі ауданы Аңқаты ауылында «Баталы ер арымас» атты аудандық батагөй қариялар арасында сайыс өтті.
Әр округтен келген қатысушылар «Сәлемдесу — сөздің басы, көңіл арнасы», «Тақырыптық бата», «Батаменен ел көгерер», « Өнерліге өріс кең» сынды бөлімдерде өздерінің бақтарын сынады.
Сайып келгенде, барлық қатысушыларға түрлі аталым берілді. Тінін тарқатсақ, С. Нарышев (Ақжайық ауылы) «Қазыналы қария», К. Ишанов ( Сарыөмір ауылы), «Салиқалы қария», С.Тұралиев ( Аңқаты ауылы) «Білімді қария», Т. Орынбаев (Юбилейный ауылы) «Өнерлі қария», Ә.Орынғалиев ( Аңқаты ауылы) «Өнегелі қария», А. Хабиболла (Подстепный ауылы), «Шымыр қария», Б.Қуанышқалиев (Юбилейный ауылы) «Шешен қария», Ө. Боранғалиев (Ақжайық ауылы), «Ардақты қария», М.Нұрланбаев (Сарыөмір ауылы), «Зерделі қария» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар ұсынылды.
Самал Жамет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz