Тасқалада аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және Кеңестер Одағының Батыры жерлесіміз Садық Жақсығұловты еске алуға арналған қазақ күресінен 2006-2008 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында ашық аудан біріншілігі өтті.
Жарысқа Ақтөбе, Орал қалалары, Шыңғырлау ауданы, Тасқала ауылы және Саулет «МЛ», Жақсығұлов, Ы.Алтынсарин, Қ.Сәтпаев атындағы мектептерден және Ақтау, Амангелді, ІІ-Шежін, Оян, Шипов ауылдық округтерінің спортшылары қатысты.
Жарыстың ашылу рәсімінде Батыр атамыздың інісі Жауынбай аға сөз сөйлеп, жас палуандарға сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Белдесу бәсекесі нәтижесінде 20 кг салмақта І орын А.Бисен (Тасқала БЖСМ), 23 кг салмақта І орын Қ.Амаегелди (Ақтөбе қаласы), 26 кг салмақта І орын Ф.Серік (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) иеленді.
Сондай-ақ 29 кг салмақ дәрежесінде І орын А.Сапарғали (Тасқала БЖСМ), 32 кг салмақта І орын А.Ақболатов (Ақтау ауылы), 35 кг салмақта І орын А.Бақытжанов (Ақтау ауылы), 38 кг салмақта І орын Е.Исмағұлов (Тасқала БЖСМ), 42 кг салмақта І орын Е.Сержанов (Амангелді ауылы), +42 кг салмақта І орын Е.Жандосов (Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы) алды.
Жарыс соңында жеңімпаздар диплом және медальдармен марапатталды.
Өз тілшіміз
zhaikpress.kz