28.11.2024, 12:30
Оқылды: 5

Батыр есімі мәңгілік ел жадында

Ұлы Отан соғысы. Бұл соғыста көптеген жерлесіміз ерлікпен қаза тапты. Ұлы Отан соғысында жасаған ерліктері үшін 497 қазақстандыққа, оның ішінде 97 қазаққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың арасында біздің батыр жерлесіміз Сүндетқали Есқалиев те бар.

a6832381-6c14-4ca7-92bf-48cd4081ebf5

Сүндетқали Есқалиевтің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі туралы жерлестеріміз жақсы біледі. Қаза тапқан соң қазақтың ер ұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ержүрек жауынгер Лудчицы селосында жерленген. Жергілікті халық туған жерлерін жаудан құтқару жолында жанын қиған қыршын ерді үлкен құрметпен ардақ тұтады. Быхов ауданының «Могучий партизан» ауылында ескерткіш орнатылған. Сүндетқали Есқалиевтің аты Минск қаласы мен Быховск көшелеріне берілген. Минск көшесінде ескерткіш-тақта орнатылған. Орал облыстық телестудиясы «Батырдың анасы» атты (Белоруссия жеріндегі ұлының зиратына барып келген батырдың анасы туралы) деректі фильм түсірген.

Ер ерлігі ел есінде. Батырдың туған жері Константиновка, Алмаз, Шыңғырлау ауылдарында батыр есімі көшелерге беріліп, ескерткіштер орнатылса, облыс орталығы Орал қаласында да бір әдемі көше батыр жерлесіміздің атына берілген.

Бүгінде ерлікпен қаза тапқан батырдың есімін мәңгі ұлықтау мақсатында Белорус елінің Минск, Могилев қалаларында көше атауы берілсе, «Могучий партизан» деревнясында да батыр жерлесімізге ескерткіш орнатылған. 1984 жылы Беларус елінің фашисттік оккупанттардан азат етілуінің 40 жылдығына орай Лудчицы деревнясында «Курган Славы», «Лудчицкая высота» атты жауынгерлер ерлігіне арналған мемориал ашылады. Курганның биіктігі 50 метрден асады, биік стелланың төменгі жағында Кеңес Одағының батырлары Владимир Мартынов, Сүндетқали Искалиев, Гулям Якубов, Иван Борисевич, Петра Виниченко мен Галактион Размадзелердің барельевтегі бюсттері орнатылған. Сол жерде маздап жанған мәңгілік алау оты  жастай қыршышынан қиылған жауынгерлердің ерлігінің куәсі ретінде жанып тұр. Батырды бауырына басып, өсіріп-өндірген анасы Рахима Имашева (суретте) 1967 жылы ұлының басына тәу етіп қайтып, бір уыс топырағын сала келген еді.

Бұл жерге С.Есқалиевтің Жамиля Имашева есімді қарындасы да жолдасымем мемориалдың ашылу салтанатына барып, ағасы жерленген «Могучий партизан» деревнясында  бауырластар зиратында жерленген  бауыры үшін дұға етіп, құран бағыштап, топырақ тастады. Сол сапар барысында Жамиля апай ағасын соңғы рет көрген, 556 атқыштар полкінің ардагерлерімен кездесіп, ағасының ерлігі туралы естеліктерін өзі естіп қайтады.

Слайд1

Ұлы Жеңіске жеткенімізге қаншама жылдар өтсе де, біз әлі күнге дейін Отан соғысы майданында қаза тапқан дарабоз батыр Сүндетқали Есқалиевті еске алып, оның  жанкешті ерлігіне басымызды иеміз. Батыр  ерлігі  біздің жүректерімізде мәңгі сақталады.

Ер есімі – ел есінде. Халқымыздың батыр ұлының ерлігітуралы ауданымызда жарық көрген соғысқа қатысқан батыр жерлестеріміз туралы «Естелік кітабы», «Жеңістің 70 сәті», «Шұғылалы Шыңғырлау», «Шыңғырлау» кітаптарында айтылып қана қоймай, облысымызда жарық көрген «Батыс Қазақстан облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» және де Ұлы Жеңісің 65 жылдығына орай шығарылған «Жеңімпаздар» атты кітабында өмірі мен ерлігі туралы баяндалып, мерзімді басылымдарда да көптеген мақалалар жариялануда.

Биыл жүйе кітапханалары, жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Сүндетқали Есқалиевтің 100 жылдығына орай көптеген шара ұйымдастырып өткізумен қатар аудандық орталық кітапханасы батыр қаза тапқан Беларусь мемлекетіндегі Могилев облысының, Быхов ауданының орталық кітапханасының қызметкерлерімен байланысқа шығып батыр туралы Беларусь Республикасында жарық көрген кітаптарды жерлестерінің назарына ұсынуда.

Ол кітаптарды Быхов аудандық кітапханасының сайтынан да табуға болады. 2014 жылы жарық көрген Николай Левченконың «Созвездие героев» атты  кітабында  Беларуссия елін жаудан азат етуде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміздің ерлігі туралы баяндалса, 1984 жылы Беларус баспаханасымен шығарылған «Побратима Матросова» кітабында  Д.Петраченконың «Герою было двадцать» әңгімесі де Сүндетқали Есқалиевтің  азаматтың болмысын, ерлігін суреттеген тарихи туынды.

Батырдың ерлігін Ұлы Отан соғысының ардагері, ақын, сыншы, аудармашы, әдебиет зерттеушісі ақын Сағынғали Сейітов те «Ер есімі мәңгілік» өлеңінде суреттейді.

Бөбек Хамитова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале