22.06.2021, 16:46
Оқылды: 54

Батырлар рухына құрмет

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян және Озерный ауылының кітапханашылары соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алуға арналған «Еңсесі биік – Ұлы Жеңіс» атты жиын өткізді.

IMG-20210622-WA0012

Ауыл ортасындағы «Батырлар монументі» жанында өткен шара сұрапыл жылдары қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Одан соң ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

- Төрт жыл от пен оқтың ортасында болған соғыс ардагерінің көбі арамыздан жоқ болғанымен олардың ел үшін еткен ерлігі ұмытылмайды. Бабаларымыздың қанымен, аналарымыз бен тылдағы еңбеккерлердің маңдай терімен келген Жеңістің орны қашан да айрықша. Бүгінгі ұрпақтың басына ондай қасірет келмесін! Ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, дами берсін! - деді жиынды ашқан округ әкімі Тілек Кәкенов.

IMG-20210622-WA0022

Сондай-ақ жиынға қатысқан БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Вера Шохина, Дариян ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құлымбетов те елді қасіретке душар еткен соғыс енді болмасын деген тілектерін білдірді.

IMG-20210622-WA0026

Шара соңында Дариян ауылдық кітапханасының меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева мен Озерный ауылының кітапханашысы Мария Еременко «22 маусым – Ұлы Отан соғысының басталуы» тақырыбында жасақталған кітап көрмесімен таныстырып, соғыста шейіт болғандардың ерлік істері мен өмірбаяндары жайында баяндады.

 

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале