Жаңақала ауданының орталығындағы № 3 ЖОББ мектебінде "Батыс Innovations" жобасы аясында "Белсенді оқыту әдістері арқылы білім сапасын арттыру" тақырыбында Орал қаласындағы №27 мектеп ұжымымен бірлескен облыстық көшпелі семинар өтті.
Ағылшын тілі, жаратылыстану, математика пәндерінен топтарға бөліне ұйымдастырылған шеберлік сағаты кезінде сабақ берудің тиімді әдістері ортаға салынып, тиімді тұстары сараланды.
" Мұғалім", " Оқушы" , "Сарапшылар" болып үшке бөлінген мұғалімдер өз пікірлерін топ ерекшелігіне сәйкес жеткізді. Әдістемелік сағатқа бағытталған алаң өзара байланыстың арқасында біраз ойларға түрткі салды.
Рая Жұмағалиева