20.03.2021, 21:53
Оқылды: 53

Бауыржан Шымкентте өткен сайыста бірінші орын алды

Мегаполисте екі күнге созылған Наурыз мерекесі онкүндігі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  өткен «Жүрсіннің жүйріктері, Сәбиттің сәйгүліктері», «Наурыз, гүл көктем, жыл басы» атты республикалық ақындар айтысы нағыз жүйріктерді анықтады.

0C9A8FD8-7465-454E-8279-E0417C5546FC

Еліміздің  әр қаласынан  15 ақын жиналған қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен айтысқа  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Айтысты белгілі ақын, айтыстың жанашыры Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтыстың қорытындысы бойынша Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Нұр-Сұлтан қаласының тумасы Еркебұлан Қайназаров ие болды. Сөйтіп, астаналық ақын мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар шықты. Жеңімпазға  ақынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

5FFB96AF-87F5-417B-AB99-6C2028E9BF44

Бірінші орынға лайық деп танылған Батыс қазақстандық Бауыржан Ширмединұлына 1 млн. теңге берілді. Екінші орын Бекарыс Шойбеков пен Айбек Қалиевке бұйырды. Әрқайсысы 500 мың теңгенің сертификатын иеленді.

Жүлделі үшінші орын үш ақынға берілді. Алматылық Шұғайып Сезімхан пен шымкенттік Нұрлан Есенқұлов пен Қалижан Білдаштарға 300 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

"SYRYM eli"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале