18.01.2026, 16:46
Оқылды: 138

Базартөбеде ауыл әкімінің сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Базартөбе ауылдық округінде округі әкімінің сайлауы өтуде. Таңғы сағат 7:00-де ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалып, округ аумағындағы №40, №41 және №42 учаскелік сайлау комиссиялары салтанатты түрде өз жұмыстарын бастады.

a60253d7-ec47-45e1-9692-9ecc859310fb

Базартөбе ауылдық округі бойынша дауыс беруге тіркелген сайлаушылардың жалпы саны – 637 адам. Сайлаушылардың еркін таңдау жасауына барлық қажетті жағдайлар жасалған. Сайлау науқаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашық әрі әділ өтуі үшін ұйымдастырушылық шаралар толық қамтамасыз етілген. Дауыс беру процесіне байқаушылар мен үміткерлердің сенімді өкілдері заң талаптарына сай қатысуда.

6f2b1e00-298a-4ef6-ad08-db5711dba97a
Тұрғындар сайлауға жоғары белсенділікпен қатысып, отбасымен келіп дауыс беруде. Сайлау учаскелерінде жастардың да үлесі айтарлықтай. Солардың бірі – Әли Саясат. Ол бұл сайлауда алғаш рет дауыс беріп, өз әсерін бөлісті:
«Бүгін мен өмірімде алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды қадам. Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық борышымды орындағаныма қуаныштымын», – деді ол.
Сонымен қатар, сайлау барысын бақылап отырған «Жаңа ғасыр» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Құрман Бисеғалиев дауыс беру процесінің заң талаптарына сай ұйымдастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, сайлау учаскелерінде тәртіп сақталып, сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

ea3a87e1-d49c-4e8c-941c-3591d4685d99
Округ бойынша үйден дауыс беруге 33 тұрғын өтініш білдіріп, өз таңдауларын жасады.
Сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың келу көрсеткіші 45,53 пайызды құрады.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале