15.03.2024, 10:00
Оқылды: 44

Beauty-индустрия табысты бизнес пе?

Жеке кәсіп ашу – табыс көзі ғана емес, сонымен қоса материалдық тұрғыдан тәуелсіздік. Кәсіп бастау қомақты қаржы талап етілмейді. Сөзіміздің дәлелі 2023 жылы мемлекеттік грант иегері атанған Бәйтерек ауданы Переметный ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер – Альбина Дүйсембеева. Кәсіпкер бүгінде сұлулық пен денсаулыққа қатысты қызмет көрсету саласы үнемі дамуда екенін айтады.

IMG-20240315-WA0068

- Мүгедектігі бар азамат ретінде «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде грант иелендім. Қазіргі заманда кәсіпкер болу үшін ең бастысы бастапқы капитал ғана емес, ойластырылған бизнес-идея болу керек деген оймен өз бизнесімді аштым. Грант қаражатына шашты қалпына келтіруге және кератинді түзетумен емдеуге арналған қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым. Қазіргі таңда Переметный ауылындағы «Скит» сауда үйінде тұрғындарға қызмет көрсетудемін. Сұлулық пен сымбат кез келген адамға сенімділік сыйлап қана қоймай, сырт көздің де ерекше ықыласына бөлейді. Әсіресе, қыз-келіншектер табиғатынан әсемдікке құмар. Сол себепті де бұл сала қызметі қазіргі таңда сұранысқа ие, - дейді Альбина Мырзағалиқызы.

Ботагөз Досайқызы,

Бәйтерек аудандық мансап орталығының маманы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале