8.04.2022, 16:30
Оқылды: 194

"Бейнеңіз жүрек төрінде"

«Ана» десе селт етпей қалар жан бар ма екен? Бізге жарық дүние сыйлаған ана емес пе? Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Иə, ананы қалай əспеттесе де, ұлықтасақ та жарасады. Казталов ауданы Бостандық ауылына келін болып келіп, бір əулеттің түтінін түзу ұшырып, бес періштесін тəрбиелеп өсірген, 30 жыл өмірін мектепке арнаған, ел сыйлаған ана бола білген марқұм Талшын Сансызбайқызы Сұлтанғалиеваның өнегелі өмірі ауылдастарына үлгі, бүгінгі ұрпаққа ұлағат. Бір әулеттің ғана емес Бостандықтай іргелі ауылдың аяулы анасы атанған Талшын ананың өмірден озғанына 10 жыл толып отыр. 

Осы орайда Бостандық ауылында Талшын Сансызбайқызын еске алуға арналған "Бейнеңіз жүрек төрінде" атты тамаша кеш өтті. Кешке жиылған ауылдың абыз ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарының назарына кеш кейіпкерінің өмірінен сыр шертетін суреттерге толы бейнеорлик көрсетілді.

41

Ауылдық мəдениет үйінде өткен шараны Теректі аудандық "Теректі жаңалығы" қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы, азулы ақын Əділет Орынбасаров жүргізді.

Киелі сахна шымылдығын əнші-термеші, сазгер жерлесіміз Дəурен Жұмағалиев Ана туралы əнмен ашып, көрермендерді керемет сезімге бөледі.

36

Тəрбиелік мəні мол шарада ауылдағы Ақсұлу, Бану аналар құрбысы туралы қызықты естеліктерін айтып, өздерінің жастық шағына бір сапар шектірді.

35

Кеште облысымызға танымал əнші Елжас Мағзом "Ана", "Ауылға сағыныш", бостандықтық өнерпаз Мұрат Ахметов "Дариға дəурен" атты əндерді тамаша орындап, кештің сəнін кіргізді.

Кеш кейіпкерімен Бостандық мектебінде біраз жыл бірге қызмет атқарған Жəмила, Уəбила аналар естелікке толы арнауларын оқып, көрерменнің көзіне еріксіз жас үйірді.

34

Кеште сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Əбешова, аудандық мəслихат депутаты, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Дəулетова жиналған көпшілік алдында жылы лебіздерін білдіріп, айтулы шараның ұрпақ берері көп, терең тағылымы мен тəрбиелік мағынасы зор екенін атап өтті.

38

Сахна төрінде Талшын анамыздың ұлы Жаннұрдың достары, үзеңгілес жолдастары ҚР-ның Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, ақын Асантемір Қаршығаұлы сиясы кеппеген "Бостандыққа арнау", "Ана" өлеңдерін оқыса, ақын Əділет Орынбасаров анаға, əкеге арналған жыр жумақтарымен қатар "Біздің көше" атты төл туындысын тыңдарманға паш етті. Қос ақынның жүрекке жеткен жырларын кешке жиылған ағайындар жылы қабылдап, алғыстарын тоқтамай соққан шапалақ арқылы жеткізді.

37

Кеш соңында анасының көзінің қарашығындай сақтап өсірген, үш қыздың ішіндегі бір түйір асылы, ұрпағын жалғаған жалғыз ұлы Жаннұр Бекбауұлы ішінде тұнып тұрған жан сырын жайып, еліне деген шынайы алғысын білдірді. Бүгінде мемлекеттік қызметте жүрген Жаннұр жанына түйген ойларын, тебіреніске, философияға толы жазбаларын оқыды. "Тектілік атадан", "Өнер ана сүтімен дариды" деген сөз тегін айтылмаса керек. Бостандықтай қасиетті өлкеден түлеп ұшқан Жаннұрдай азаматтың анасына деген сағынышын осы кеш арқылы жеткізгендей...

39

Тəлімі мен тəрбиесі мол кештен кейін мақұм Талшын Сансызбайқызының руһына  арнап құран бағышталып, ауылдастарға ас берілді.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале