Аудан үнпарағын қолдаудан ешкім аянып қалып жатқан жоқ. Жазылым басталғалы газет жаздырсам деп келген адам саны да артты. Бәйтерек аудандық газетінің тұрақты оқырманы, белгілі кәсіпкер Бекболат Шканов басылымға деген қолдауын іспен көрсетті.
-Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі,- деген Ахмет бабамыз. Өзім газеттің қоғамдағы алатын орны ерекше деп санаймын. Жергілікті «Ауыл тынысы» басылымы ауданымыздың тыныс-тіршілігін ғана емес, көзі таныс адамдардың өмір жолы мен жастарымыздың жеткен жетістіктерін әрдайым беріп отырады. Өз басым аудан газетін халықты бірлік пен татулыққа шақырушы құрал деп танимын, сол себепті жұмысшыларым да ел тынысынан хабардар болсын деген ниетпен басылымды жаздырттым,- дейді Бекболат Шканов.
Бірден 50 дана газет жаздырған кәсіпкердің ісі қуантады. Бекболат ағамыздың осынау бастамасы өзге азаматтарға да үлгі болса дейміз.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz