4.03.2025, 15:02
Оқылды: 330

Белестіктер газетпен бірге

Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай жоспарланған 85 ірілі-ұсақты іс-шара ауылдық округтердегі оқырмандармен кездесу арқылы жалғасын табуда.

IMG-20250304-WA0002

Бұл бағыттағы алғашқы сапар Белес ауылдық округінен басталды. Соған орай Белестегі ауыл кітапханасында «Ауыл тынысы» – тарих айнасы» атты дөңгелек  үстел ұйымдастырылды.

IMG-20250304-WA0008

Онда қатысушылар аудандық басылымның маңыздылығы, тарихы, қазіргі қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты.

- «Ауыл тынысы» газетінің ауылдық округтердегі мерейтойлық іс-шаралар легі Белестен бастау алғанына қуаныштымыз. Алдымен жазылым жайынан бастағым келеді. Ауыл халқы газет оқуда да, жазылуда белсенді. Оған бүгінгі іс-шараға қатысып отырған оқырмандарымыз дәлел. Олардың қатары жастармен толықса деген тілегіміз бар. Жеке кәсіпкерлер, мектеп ұжымы, әкімдік, ауылдық клуб, кітапхана қызметкерлері тұрақты жазылады. Осы орайда халық тек жазылып қоймай, оқылымның өскеніне мүдделіміз. Өйткені, кітап, газет-журнал оқыған буынның ұлт үшін, мемлекет үшін әрқашан берері мол. Санасы айқын, еліне қызмет етуде сауатты, сапалы кадр қалыптасады. Арадағы байланысымыз үзілмесін. Газеттің торқалы тойы құтты болсын!, - деді округ әкімі Бақытгүл Жүнісова.

IMG-20250304-WA0014

Ал «Ауыл тынысы» газетінің бас редакторы Сәкен Әбілхалықов басылымның тарихына тоқталып, оның алдағы даму жоспарларымен бөлісіп, редакциямен тығыз байланыс орнатқан әрі жазылым кезінде белсенділік танытып жүргендерді марапаттатады. Ауыл әкімі, дәрігерлік амбулатория, клуб, Белес мектебі ұжымдарына Алғыс хатпен пен газеттің жаңа саны салынған тәтті бокс ұсынды. Сондай-ақ жыл соңына дейін ауылдық округке қатысты ақылы материалдарды  жариялауға мүмкіндік беретін 25 мың теңгенің сертификаты табысталды.

IMG-20250304-WA0011

Дөңгелек үстел басында Бәйтерек ауданының құрметті азаматы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Адам Имашев редакция ұжымының ауылдарға шығуын толық қолдайтынын айтып, бүгінгі іс-шараға қатысып отырған жас ұрпақтың газет оқуына түркі боларына сенім білдірді. Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жаңай Әліпов газет бетінде жарық көрген тарихи мақалалардың мән-маңызына тоқталды. Ал Белес орта мектебінің директоры Азамат Майемер газет арқылы ауыл жастарының жетістіктерін насихаттау қажеттігін атаса, газеттің тұрақты оқырмандары Әдиет Сұпышев пен Ұлболсын Мырзағалиева облыстық, аудандық басылымдардың әр санына асыға күтетіндерін айтып, болашақта газеттің мазмұнын одан әрі байыту үшін аудандағы тарихи жер-су атауларын зерттеп, өнер адамдарының өмір дерегіне көңіл бөлінсе деген ұсынысын білдірді.

IMG-20250304-WA0006

Гүлжаз Баделова, 

Бәйтерек ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале