Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңындағы тоғанды жалға алып, балық өсіру ісіне ден қойған Михаил Марченконың есімі көпке таныс.
Өңіріміз бен Атырау, Ақтөбе облыстарының кей аудандарын шабақпен қамтамасыз етіп жүрген кәсіпкер биыл күзден бастап, тауарлы балық сатуды да қолға алмақ. Бұл туралы М.Марченко «Ауыл тынысы» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.
-Он жылдан бері балық өсірумен айналысып келемін. Негізінен ақ амур мен тұқыны баптаудамыз. Алғашында құртшабақты Ресейден алтыратын едік. Осы күні барлық істі өз қолымызға алдық. Құртшабақ та, шабақ пен балық та біздің тоғанда өседі. Он жыл ішінде балықшылық кәсіптің қыр-сырын меңгердік. Бүгінге дейін тек 20-40 грамдық шабақ сатып келген болсақ, биыл күзде өз қолымызбен өсірген 25-30 келілік балықтарды саттыққа шығармақпыз,- дейді М.Марченко.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz