Зеленов ауданы орталығындағы Қасым Аманжолов мектебінде өңірімізге белгілі журналист Мұнайдар Балмолдамен кездесу өтті.
Алдымен, жиналғандарға 91-дің күзінде болған оқиғаның егжей-тегжейін баяндаған «Махамбеттер тірі екен» атты деректі фильм көрсетілді.
Кейін жиналғандар Мұнайдар Мұхамбетжанұлына сұрақтарын қойды. Негізінен 91-ші жылғы Орал көтерілісі, ұлттық тәрбие, ана тілі мен өткен жылы ғана жарыққа шыққан «Он төрт» тарихи романы жайында қойылған сауалдарға жауап берген журналист жастардың елі мен тілінің болашағына алаңдайтынына көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ жиын барысында Орал көтерілісін көзімен көрген Гүлжиһан Жонысқызы да сөз алып, 91-ші жылы болған оқиғаның ел үшін, ұлттық рухымыз үшін бергені көп болғандығын айтты.
Шара соңында Талшынай Орынбекқызы жастардың шақыртуын қабыл алып, осы күні көп айтылмай жүрген көтеріліс жайында айтып берген Мұнайдар Балмолдаға алғысын білдірді.
Түгелбай Бисен,
Зеленов ауданы