6.11.2018, 18:34
Оқылды: 90

Белгілі журналист Саят Қамшыгер Теректіге келді

Теректі ауданына «Серпер» сыйлығының лауреаты, белгілі ақын, «Мөлдір бұлақ» жас зиялыларға арналған танымдық журналының бас редакторы, «Қазақстан ZAMAN» халықаралық қоғамдық-саяси, танымдық газетінің  тілшісі Саят Қамшыгер келді.

terekti (2)

Алматыдан Батыс Қазақстанға арнайы келген азаматтың мақсаты елмен танысу, жақсыны көру, көргенді жұртқа жеткізу.

Теректі ауданындағы сапарын аудандық лингвистикалық гимназиямен танысудан бастаған Саят Қамшыгер өз оқырмандары – жеткіншектермен кездесті. Облыстағы мектептердің үздік үштігіндегі гимназия оқушылары, әсіресе, журналист болуды армандап жүрген балалар оған өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, әңгімесін ұйып тыңдады.

Журналист Ақсоғым ауылы маңында әйгілі «Тынық Донның» авторы, Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолоховтың саяжайын көрді. Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары Лауаз Уәлиев жол бастап, ауданның экономикалық дамуына, шаруашылық жағдайына тоқталып, кәсіпкерлік нысандар мен қожалықтарды аралатты.

Алдымен Подстепное ауылының шетінде мал өсіріп, дәмхана ашқан отырған Қанат Дакишевтің шаруашылығына аялдадық. Бір мезетте он алты сиыр сауатын қондырғы орнатылған жаңа мал қорасы, байлаулы бие көзді қанықтырды. Шаруа сүт, қаймақ, саумал сатады. Қымыз дайындайды. Сұраныс бар дейді қожайын.

Бұдан соң «Балакирев» шаруа қожалығының көкөніс сақтау қоймасына жеттік. Қысқы сақтауға 2935 тонна картоп салу мүмкіндігі бар қойма автоматтандырылған. Желдету және қалыпты температура ұстау, сөйтіп, алынған өнімді сапалы сақтау үшін қажет қондырғылар Голландиядан әкелінген.

Әрі қарай «Теректі май зауыты» кәсіпорыны, «CырымKZ» мал бордақылау шаруашылығында болған қаламгер көргенін көңіліне тоқып, теректіліктердің тірлігіне сүйсінді. Сапар нүктесі Тақсай ханшайымы басында қойылды.

terekti (3) terekti (4)

Камелия ӨТЕУ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале