9.08.2022, 17:00
Оқылды: 52

Белсенді болу әркімнің өз қолыңда

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Ең бастысы, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде де мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық қолдан келген жағдайларды жасау, мұң-мұқтажын шешу нақты жолға қойылған.

10

Ауылдық округ бойынша мүгедектер саны-22 адам. Оның ішінде мүгедек бала-2, І топтағы мүгедек саны-1 адам, ІІ топтағы мүгедектер саны-11, ІІІ топтағы мүгедектер саны-8 адам. Биылғы жылы округте осы санаттағы 2 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Ауылдастарының тұрмыс-тіршілігінен хабардар шаруа қожалық басшылары, жомарт азаматтар қолдарынан келген көмектерін әр кез көрсетуге даяр. Соның бір мысалы, “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында ауылдық округте «Бердыбай Бекзат» ШҚ –ның басшысы Мақсат Хаятуллаевтың 3 (үш) қой және азық-түлік себетін мүмкіндігі шектеулі жандарға таратып, қайырымдылық жасауы. Жылыту маусымының алдында «Асқар» ШҚ-ның басшысы Асхат Зұлқашев та екі үйге газ-дабыл құралдарын тегін орнатып берген.

Сонымен қатар, Орал қаласындағы SK «Патриот» еріктілері мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасын қуантып, тұрғын үйіне көгілдір отын қосып берді.  Ауылдағы фельдшерлік амбулаторияда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ашық есік күні ұйымдастырылып, тегін дәрі дәрмектері жеткізілуде. Шыңғырлау ауданы бойынша аудан әкімдігі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының 4-ші тармағына сәйкес, бүгінде округке қарасты барлық мемлекеттік мекемелерде ыңғайлы пандустар орнатылған.

Балаларды қорғау күніне орай, Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйінде «Балауса» бөбекжай тәрбиеленушілері мен ауыл бүлдіршіндеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға жеке кәсіпкерлер М.Қабидуллиева, А. Исламбеков, Л.Оңғаралиева, Б.Мендеев және ЖШС «ЕrganatGroup», “Асқар” ШҚ басшылары демеушілік жасап, балаларға керемет көңіл-күй мен сыйлықтар ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі мектеп жасындағы екі балаға да сыйлықтар тапсырылды. Өз тараптарынан мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамдық өмірге мейлінше белсене араласуға тырысып келеді, спорттық жарыстарға да қатысып, мәдени шараларға да ат салысып, жүлделі орындарға ие болуда.

9

Былтырғы жылдан бастап шаруа қожалықтары мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға тегін шөп түсіруді қолға алып, бүгінгі күнге қысқы мал азығы жеткізілуде. “Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймай, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінуі тиіс. Ал, үйде отырған жандарды да назардан тыс қалдырған емеспіз, мерекелік күндерден басқа уақыттарда даүйлеріне барып ауданымызда, округімізде атқарылып жатқан игі шаралардан, жүріп жатөан жұмыстардан хабардар етіп отырамыз”,-дейді округ әкімі С.Байтенова.

Иә, әр адамның да денсаулығында кінәраты болғанына қарамастан қоғамның белсенді мүшесі атануына толық мүмкіндік бар. Ол адамның алдымен ерік-күшінің, жігерінің жоғары болуымен байланысты болса, екіншіден қоғам, ауыл-аймақ та қолұштарын созып, өз ортасына тарта білуі керек. Сонда ғана әр адам өзін өмірге керек екендігін сезініп, барынша белсенді бола алмақ.

Г.Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале