Шыңғырлау ауданында "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысының басталуына орай аудандық партия филиалы штабының жанынан құрылған белсенділер бас қосты.
Ауданның жастары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылған болатын. Оған "Jas Otan" жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері мен жастардың сеніміне ие болған партияның жас жасақтары енген. 19 жас белсенді ауылдық округтер мен аудан орталығында маңызды саяси науқанның өз дәрежесінде өтуі үшін барын салмақ. Бұл белсенділерге осы күні арнайы киімдер мен үгіт-насихат парақшалары мен плакаттар табыс етіліп, партия филиалының бірінші орынбасары Светлана Байтенова жастарға жауапкершілік, белсенді іс-қимыл тіледі.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz