31.10.2023, 15:00
Оқылды: 36

Белсенділік танытайық!

 

Аудан әкімдерін сайлау –  маңызы зор саяси науқан десек, қателеспейміз. Өйткені  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сайлаудың ел дамуы үшін қажет басым бағыттардың бірі екенін тілге тиек еткен болатын. Сол себептен де Мемлекет басшысы тарапынан көтерілген бұл бастаманы жүзеге асыру бағытында биыл республика бойынша аудан және облыстық маңызы бар қалаларда алғаш рет пилоттық режімде сайлау өткізілмек. Әрине, оның қатарында біздің Тасқала ауданы да бар. Сондықтан саяси дода қарсаңында біз де аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Нұрмақовқа жолығып, сайлауға деген дайындық пен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сұрап білген едік.

5fcb9dbe-0036-4dc6-8dd3-59c4f134120c

– Бүгінгі таңда Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес сайлауға қатысты мәліметтер аудандық «Екпін» газетінде, әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда жарияланды. Аудан бойынша тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында 18 билборд, 540 плакат орнатылды. Сайлауға қатысты өзге де жұмыстар тиянақтала келді, – деді Асқар Ғабдрахимұлы.

Иә, алдағы сайлауда көпшілік сөздің емес, істің адамын таңдаса дейміз. Себебі әкім – ортақ тұлға. Сондықтан олар ұлтқа, руға бөлінуден өзін аулақ ұстап, тұрғындармен етене араласып, абыроймен қызмет етіп, сенімді ақтаса болғаны. Тек сонда сайлаушылардың сайлауға және атқарушы билікке деген сенімі артпақ. Сол себепті тасқалалықтарды 5 қарашада өтетін аудан әкімінің сайлауына бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамыз.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале