16.06.2023, 16:30
Оқылды: 21

Бес айда 57 мың гектар жер қайтарылды

Жәнібек аудан әкімдігінің мәжіліс залында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Оған «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. Отырысты бастамас бұрын облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарған Үміт Бектенова, Дариға Ислямқызы, Зайдагүл Қадырболатқызына партия атынан алғыс хаттар табыстады.

5b9be633-81e6-413a-95d8-58c48b443770

- Былтыр «Жер аманаты» жобасы іске қосылып, жұмысын бастаған болатын. Облыс бойынша 157 комиссия мүшесі жұмысын атқарып келеді. Комиссия мүшелерінің жұмысы арқасында 167 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биылғы жылдың 5 айында 57 мың гектар жер қайтарылды. Жәнібек, Ақжайық аудандары мен Орал қаласы бойынша жұмыс әлі басталған жоқ. Атап өту керек, Бөкей ордасы, Тасқала аудандары қарқынды жұмыс атқарып келе жатыр, - деді А.Сафималиев.

3845a6f7-5e44-4c1a-b292-54e662f47cb8
Әрмен қарай жер заңнамасы талаптарын сақтау бойынша Жәнібек ауданында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ алда тұрған міндеттер хақында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев айтып берді.

Оның сөзінше, былтыр аудан бойынша мемлекет меншігіне 7 482 гектар жер қайтарылса, биыл бес ай ішінде 2 802 гектар жер мемлекет меншігіне өткен.

Биыл мониторинг барысында 8 054 гектар жерді тиімсіз пайдаланып отырған 11 субъекті анықталған.

Аталған субъектілерге қатысты тексеру амалдарын жүргізу үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшеге мәліметтер жолданған.

Тиісінше 10 субъект бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, 5-еуіне ҚР Жер кодексінің 65-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы және 3-тармағы бұзылғандығы анықталып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 338-бабы «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау» дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Нәтижесінде жер заңнамасының нормаларын бұзушылықты жою туралы бір жылға нұсқама беріліпті. Екі субъект ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына қарауындағы мал басы санын тіркеуге көшсе, үш субъектінің құқықтық құжаттары нақты реттелмеген.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале