25.03.2022, 21:22
Оқылды: 95

Бес ауылда денсаулық сақтау нысаны салынады

Теректі аудандық әкімдігінің мәжіліс залында  ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің көшпелі отырысы өтті.

1 заседание

Мемлекет басшысы,  «AMANAT» партиясы төрағасы  Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІ сьезінде қоғамдық кеңес қызметі қайта құрылып, жандансын деген тапсырма берген болатын. Бұл шара сол тапсырманы орындау және  партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға Батыс Қазақстан облыстық ұлт денсаулығы бойынша қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Мәншүк Аймұрзиева, облыстық қоғамдық кеңес  мүшелері, аудандық мекеме басшылары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Тілек Габдушев жүргізген отырыстың күн тәртібінде ҚР Президентінің  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауынан туындайтын мәселелер бойынша Мәншүк Құдайбергенқызы баяндама жасады. Ауданға медицина кадрларын тарту, дәрігерлерді әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жағдайы жайлы  «Теректі аудандық ауруханасы» МКК директоры З.Мағзомов баяндап берді. Өз кезегінде «Теректі аудандық №2 ауруханасы» МКК директоры Б.Құбаев та осы мәселе жайын  тарқата айтып, салынуы жоспарланған медицина нысандарына тоқталды.

Жалпы, денсаулық саласында биылға жоспар ауқымды. Қазіргі таңда Федоровка ауылында 200 адамды қабылдауға арналған емхана құрылысы жобасы жүзеге асуда. Аталған нысан заман талабына сай жабдықталған құрал-жабдықтарымен 2022 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Және де Сарыөмір ауылында  дәрігерлік амбулатория, Барбастауда  фельдшерлік акушерлік пункт салынбақшы.  Үлкен Еңбек, Жайық, Кемер ауылдарында  медициналық пункттер салу жоспарда.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале