Физикалық белсенділіктің дене сымбатына ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан пайдалы екені, өмірді ұзартып, көңіл-күйді жақсартатыны белгілі.
Осы мақсатта «Baiterek best – 2023» денсаулық фестивалінің алғашқы жарты сағаты дене жаттығуларына арналды. Көпшілік сапқа тұрып, ағзадағы энергия қорын молайтатын бұлшық ет пен сүйекке пайдалы бірнеше жаттығу түрлерін орындады.
Айта кетейік, «Baiterek best – 2023» денсаулық фестиваль аясында ауданның 16 округінде таңғы жаттығулар ұйымдастырылған болатын. Оған Көшім, Трекин, Дариян, Янайкин, Зеленый ауылдық округтерінің тұрғындары жүйелі түрде қатысқан екен. Соған орай таңмен таласа оянып, өздерінің денсаулығына бей-жай қарамай, жаз мезгіліндегі әр жұмыс күнін салауатты өмір салтын сақтаумен бастап, ерекше белсенділік танытқан аталмыш ауылдар осы фестивальде арнайы марапатталды.
Тұрсын Тек,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz