Мектеп оқушылары қашықтан білім алу режиміне ауысқанымен, ол мүмкіндікті барлық бала пайдаланып отырған жоқ. Жосалылықтардың жанына сол қатты батыпты.
Ауылдың азаматтары Әділ Жоламанов, Ринат Жанғалиев, Батырбек Бисенқұлов, Әскербек Нұрмұханов, Қанат Жанғалиев, Мұратқали Есжанов, 1985 жылы туған жігіттердің атынан Рүстем Ақшолақовтар бірігіп, 5 үйдің шатырына «тәрелке» орнатып беріпті. Соның арқасында, 12 бала көрші тұратын сыныптасының үйіне жүгірмей, «Балапан» мен «Еларнаны» үйінен тамашалап отыр. Осындай жақсылық бәріміздің де қолымыздан келеді - ау!
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz