9.02.2022, 18:41
Оқылды: 79

«Беті ашық қалған кәріз құдықтары толып жатыр»

«Подстепныйда беті ашық қалған кәріз құдықтары толып жатыр» деп, редакцияға Сара Құрмашева есімді ауыл тұрғыны хабарласты.

WhatsApp Image 2022-02-09 at 19.35.38

- Беті ашық қалған кәріз құдықтары ауылымыздың әр жерінде бар. Мәселен, мәдениет үйінің қасында да жатыр. Балалардың мектепке баратын жолынан да көруге болады. Осыларды күнде көріп жүргендіктен, редакцияға хабарласуды құп көрдім. Бұл өте қауіпті ғой. Былтырғы жылдан қалғандарды да бар. Солардың бетін жауып немесе айналасын қоршап, қауіпсіздік белгісін неге қоймасқа? Бәріміздің де баламыз бар, уайымдап қорқып отырамыз, жаман айтпай, жақсы жоқ, қайғылы жағдайға душар болып қалмайық. Осыған жауапты адамдар, әкімшілік тарапынан жуық арада бір шара қолданса игі, – дейді С. Құрмашева.

Бұл кісінің хабарламасынан кейін, іле-шала Подстепный ауылдық округі әкімінің орынбасары Сағадат Жолдығалиевпен тілдескен едік.

WhatsApp Image 2022-02-09 at 19.34.55

- Көпішілкке мәлім, қазіргі таңда ауыл ішінде ауыз су тарту жұмыстары жүруде. Осы орайда кей құдықтардың дөңгелектері салынбай, көмілмей қалды. Мамандар аралап, «қай жерде, қаншасы бар» деп бақылауға алды. Айта кетейін, бұл нысанның тапсырыс берушісі – Теректі аудандық құрылыс бөлімі. Енді соларға хат жолдайын деп отырмыз. Мына суреттегі құдық – желілер жүргізген «Қазақтелекомның» құдығы. Күз мезгілінде, мамандарын шақыртып, лекерлеп жауып едік, алайда беті қайтадан сынып тұр. «Қазақтелекомның» аудандағы басшыларына дер кезінде хабарласып, құлағдар еттік. «Бетін жабамыз» деп еді, онымен қардың астында қалып жабылмай қалған болып тұр. Бұл мәселені тағы да хабарлаймыз, осы барысында жұмыстар атқарылады. Жалпы, қазылған әр құдықтың теңгерім иегері бар, иесіз жатқан құдық жоқ. Ең әуелі иелеріне хат жолдаймыз, жүдә болмаса, өзіміз техника апарып, бетін жауып тастаймыз, – деді. Жөн сөз! Бізге  тұрғындардың амандығы қажет. Тек бұл шаруа сағызша созылмай, бітімін тапса жақсы болар еді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Подстепный ауылы, Лесная көшесінде 2015 жылы туған баланың септикке құлап кеткені жөнінде БҚО төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеген болатын.

 

Самал Жамет,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале