Жуырда Орал қаласында хореография жанры бойынша «Dance life» республикалық конкурс-фестивалі өтті. Аталмыш өнер додасында аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі де бақ сынап, нәтижесінде даярлық тобы (3-5 жас аралығы) жүлделі 2-орынды қанжығаларына байлап келді.
Ұжымға 25 жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан Элеонора Валиеваның шәкірттері бұдан бөлек, көптеген сайыстарда қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіс тұғырынан көрінуде. «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» деген осы болса керек-ті.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы