Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет: Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда ел дамуының барлық бағыттары бойынша айтылды. Жолдау – Жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы тағы бір үлкен қадам.
Жолдауда Президент әдеттегідей, қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауабын берді. Бұл бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі – осы. Мемлекет басшысы Президент мандатын қысқарту және ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөнінде бастама көтерді. Мұның бәрі реформалар бағытының дәйектілігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсететіні анық.
Президент мемлекеттік әлеуметтік саясатты дамыту мақсатында білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға қаражат бөлінуде деді. Сонымен қатар, барлық әлеуметтік төлемдер индекстелуде, зейнетақы мөлшері қайта қаралуда және «Ұлттық қор – балаларға» жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылу белгіленіп отыр.
Мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларын толық қолдаймын. Жолдауда ұсынған барлық реформалар елдің жаңа жағдайда дамуына тың серпін беретін шаралар.
Жолдау ел дамуының жаңа бағыт бағдарын айқындайды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықты толғандыратын барлық өзекті мәселені қамтыды. Бұл су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, игерілмеген жерлерді қайтару, зейнет жасына өзгеріс, ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру, 100 мың жас азаматты жұмысқа орналастыру, жас кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру мәселелеріне қатысты тапсырмалар берілді. Сондықтан, Президенттің бағытында болашақ ұрпақтың мәселелері де айқындалып отыр. Бүгінгі таңда әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. “Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан, мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын",-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. Жаңа жолдау елімізді биік белестерге жетелейді деп сенеміз. Жолдауда айтылған тапсырмалар Мемлекет дамуының жарқын көрінісі екені анық.
С.Байтенова
Шыңғырлау ауданы
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі