13.11.2025, 15:00
Оқылды: 58

Біліктілік арттыру семинары 

Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне арналған "Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі" тақырыбында біліктілік арттыру семинары өтті.
image
Оқыту семинарын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырды. Іс-шараны Тасқала аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Динара Баишева ашып, келген қонақтар мен қатысушыларды таныстырды. Семинарға Академия филиалының сарапшысы  Ажар Таупенова, сондай-ақ тренерлер  Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Давлетжанов пен төраға орынбасары Нариман Мустиев қатысты. Оның басты мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және сайлау процесін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен таныстыру болатын. Оқыту барысында төрт негізгі тақырып қаралды: Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы және енгізілген өзгерістер; ҚР сайлау жүйесі; Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің және сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері; Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және сайлау науқанын жоспарлау.
imagұқ
Сонымен қатар семинарда дауыс беру күні комиссиялардың жұмысын тиімді ұйымдастыру, сайлау қорытындыларын шығару тәртібі, коммуникация орнату мен келіссөздер жүргізу дағдылары, дау-жанжалды жағдайларды шешу және стрессті басқару әдістері талқыланды.
Қатысушылар нақты мысалдар арқылы кейстік тапсырмалар орындап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар тестілеуден өтіп, алған білімдерін бекітті.
Еламан Құспанов,
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале