12.10.2020, 11:57
Оқылды: 32

Білім мен еңбек – егіз ұғым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өскелең ұрпақтың еңбекке деген көзқарасына жеке тоқталған еді.

2 мейрамгул

Жалпы, дәстүрлі Жолдауда жастар мәселесі назардан тыс қалмайды. Өйткені, жастар – ұлт болашағы болғандықтан, қай заманда болса да қоғамның басты тұлғасы. Жастар кез-келген әлеуметтік қатынастарда, рухани игіліктерде маңызды орын алады. Ал, сол жастардың қоғамдағы жағдайы және олардың әлеуметтік ортаны дамытуға қатысу дәрежесі мемлекетке және жастардың белсенді өмірлік ұстанымына да байланысты.

«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.

Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды.

Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.

Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Білім. Еңбек. Екеуі егіз ұғым. Терең білім алу жолында жарғақ құлағымыз жастыққа тимей еңбек етуіміз жөн, әрине!  Қай істе болмасын шаршап-шалдығуды білмейтін,  үнемі ізденісте жүретін жігерлі жастардың білім нәрімен сусындауы – басты парыз.

Өзім биыл Теректі ауданы, Сарыөмір ауылындағы Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектепті тәмамдадым. Мектеп қабырғасынан алған білімімді одан әрі дамыту мақсатында тегін білім грантын жеңіп алып, Алматыға жол тарттым.

Мен Сүлеймен Демерель атындағы университетке оқуға түстім. Бұл жерде журналистика және репортер ісі факультетінде дәріс алудамын.  Білім алып,  егеменді елімнің өркендеу жолында адал қызмет еткім келеді.  Осы орайда, Президентіміз айтқандай, аянбай еңбек ету – ең басты мақсат.  Еңбек пен білім ғана бәрін жеңбек. Олай болса,  ел  жастарын оқуға,  еңбектенуге шақырамын.

Тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін жолдаудың жастар үшін  маңызы зор.  Ел ертеңі – біз секілді жастардың қолында.  Ендеше, білімді болайық!

 

Мейрамгүл Мұхамбетқалиева,

С.Демерель атындағы университет студенті,

Алматы қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале