6.02.2026, 10:45
Оқылды: 11

Білім саласындағы жетістіктерге құрмет

2025–2026 оқу жылында республикалық байқаулар мен олимпиадаларда жеңімпаз атанған ұстаздар мен оқушыларға арналған Сырым ауданы әкімінің салтанатты қабылдауы өтті.

білім саласындағы жетістіктер

Жиынға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, бөлім басшылары, марапатталушы мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Кездесуде білім саласындағы жоғары нәтижелер жүйелі еңбек пен тынымсыз ізденістің жемісі екені айтылды.

Марапаттау рәсімінде Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Мұқат Арыстанов ерекше аталып, аудан әкімі атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.

«Сырым–мектеп» лицейінің информатика пәні мұғалімі Жандос Мендешұлы аудандық және облыстық кезеңдердің жеңімпазы атанып, «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық кезеңінде ІІІ орынды иеленді. Ол аудан әкімінің Алғыс хаты және қаржылай сыйлық сертификатымен марапатталды.

Республикалық «Ақберен» өнер байқауында ІІ орын алған Қаспай Айсезім Жұмағазықызына аудан әкімінің арнайы Алғыс хаты табысталып, сыйақы берілді. Оның жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухар Досқалиева аудан әкімінің Алғыс хаты және теңге сыйақы сертификатымен марапатталды.

Аделя Маликова республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І орын алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ал Азиз Шайхиев жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІ орын иеленіп, республикалық кезеңге қатысу құқығына ие болды. Қазақстан тарихы, биология, ағылшын тілі пәндерінен жүлделі орын иеленген дарынды оқушылардың жетістіктері ерекше аталды. Бұл табыстар – оқушылардың табандылығы мен ұстаздардың тынымсыз еңбегінің айқын көрінісі. Қ.Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Аида Есқали Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық кезеңнен ІІІ орын иеленді. Осы мектептің тағы бір оқушысы, 9-сынып оқушысы Біржан Жұма биология пәнінен облыстық кезеңде ІІІ орынға қол жеткізді.

Ж.Досмұхамедов атындағы «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің 10-сынып оқушысы Махаббат Таубай ағылшын тілі пәні бойынша облыстық кезеңнен ІІІ орын жүлдегері атанды. Ал Аралтөбе ЖОББМ мектебінің 10-сынып оқушысы Аянат Жұмабай биология пәнінен аудандық кезеңде І орын, облыстық кезеңде ІІ орынды иеленіп, жоғары нәтижесін көрсетті.

Шара барысында аудан әкімі қатысқан еркін форматтағы сұхбат ұйымдастырылды. Марапатталған ұстаздар мен оқушылар өз жетістіктері, жарыстардан алған әсерлері және болашақ жоспарлары туралы ой бөлісті. Ұстаздарға тәжірибе мен мотивация жайлы, ал оқушыларға алдағы мақсаттары туралы сұрақтар қойылды. Еркін форматтағы сұхбат ұйымдастырылып, оқушылар өз әсерлері мен болашақ жоспарлары туралы ой бөлісті, ал ұстаздар тәжірибе, мотивация және келешек мақсаттар жайында әңгімеледі.

Шынар Молданиязова
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале