Теректі аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі «Білім беру саласының жыл үздігі – 2022» белгісін салтанатты табыстау жиыны өтті.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал әрбір жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында. Ұлы тұлға – ұстазға деген құрмет пен ықылас ерекше.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров ұлағатты ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Білім берудегі басты тұлға – директор. Заманауи мектептің директоры құзыретті, білімді, өзіне сенімді, ойлау қабілеті мен адамдарды басқару қабілеті ерекше болуы тиіс. «Білім беру саласының жыл үздігі – 2022» дәстүрлі марапаттау рәсімінде «Парасатты мектеп директоры» номинациясымен Өркен Бижанов (Еңбек НМ), «Үздік координатор» номинациясымен Айкерім Мұсағалиева (Госплемстанция ЖОББМ), «Үздік ұйымдастырушы» аталымымен Динара Каппасова (Богдановка НМ) марапатталды.
Келесі марапат иелеріне «Креативті мұғалім» Ақмарал Злиева (Федоровка №1 ЖОББМ математика пәні мұғалімі) мен Назым Қаналиева (Жайық НМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), «Білімді ұстаз» аталымымен Амангүл Нахуанова (Аңқаты ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні), Медет Бисекенов (Шаған ЖОББМ көркем еңбек пәні), Айнаш Сахипкереева (Қоғалтүбек НМ математика пәні), Айгүл Бисенова (Жайық НМ тарих пәні), Нұрбану Ураховаларды (Подстепный №1 ЖОББМ бастауыш сынып) аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев құттықтады.
Тәрбиеші – баланың кішкентай кезінен бастап ең алғаш көретін педагогі. Жаңа заман тәрбиешісі алдына келген бала бойына не сіңірсе, біздің болашағымыз да соған байланысты болмақ. Осы орайда «Бала бағаны» номинациясына Рада Омарғалиева («Ақбота» бөбекжайы) мен Диляра Ибраева (Подстепный №1 мектепалды сынып тәрбиешісі) ие болды.
«Зерделі ұстаз» аталымымен Шынаргүл Жанғалиева (Федоровка №1 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі), «Жанашыр ұстаз» номинациясымен Рахима Жылкишбаева (Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ дефектологы), «Үздік зерттеуші» номинациясымен Татьяна Туленова (Подстепный №1 ЖОББМ психологы) үздік деп танылып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиқановтың қолынан марапат алды.
Оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан мектеп кітапханашылары арасынан «Оқырман жанашыры» аталымымен Ұлғаным Идресқалиева (Федоровка ЖОББМ) марапатталды. Гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша «Шебер ұстаз» номинациясы Нұргүл Мұратова (Еңбек НМ информатика пәні), Нұрлы Айтлесова (Ақжайық ЖОББМ физика пәні), Айнұр Мұқашева (Социализм НМ тарих пәні), Фарида Рысқалиева (Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні) табысталды.
«Үздік бағыт беруші» аталымымен Амина Куткужиева (Федоровка ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні) алғысқа кенелді. Марапат иелерін білім беру саласында көптеген жылдар еңбек еткен қазіргі таңда ардагер ұстаз Серік Нұрғалиев құттықтады.
Сондай-ақ, «Үздік қосымша білім беру педагогы» аталымын Светлана Идрисова (Теректі балалар музыка мектебі), «Үздік тәлімгер» Нұргүл Ихсанова (Подстепный ЖОББМ), «Үздік жаттықтырушы» аталымымен Бейбіт Нығметов (Ақжайық ЖОББМ) пен Елтай Әмірханов (Қоғалытүбек НМ), «Үздік меңгеруші» аталымымен Салтанат Арыстанова («Айбөбек» бөбекжайы) марапатталды. Үздіктерге алғысхатты «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев табыс етті.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz