Сырым ауданындағы мектеп-лицейде "Талап қыл артық білуге..." атты жалпы пәндер онкүндігі өтуде.
Лицейдегі пікірталас, коучинг, ТЕDx, READx форматтарындағы сабақтарға, мәдени-қайырымдылық шараларға оқушылармен қатар ата-аналар да белсенді қатысуда. Кешегі аптада биология пәні мүғалімі Қалампыр Батырқызының ұйымдастыруымен "Бір алма – One apple" атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында әрбір оқушы лицейге үйінен алма әкеліп, жиналған алма Жымпитыдағы көпбалалы үйлерге табысталды. Онкүндік Абайдың 175 жылдығына арналған "Ақыл-ойдың кемеңгері" тақырыбындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлжан Тұржігітова ұйымдастырған кешпен қорытындыланды.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер