5.10.2021, 10:31
Оқылды: 62

«Бір алманы сыйға тарт»

Теректі ауданы Госплемстанция ЖОББМ-нің оқушыларынан құралған «Мейірім» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Бір алманы сыйға тарт» акциясы өтті. Оған мектеп оқушыларымен бірге ұстаздар да  қатысты. Жиналған жемісті қарттар үйіне апарды. Оқушылар  алманы ақ қағазға орап, жылы лебіздерін жазды. Еріктілер жетекшісі Әлия Жұбаниязованың айтуынша,  бұл акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат — өскелең ұрпақтың бойына қарияларға деген қамқорлық, мейірімділік ұялату.  Қарттар үйіндегі ата-әжелерімізге аздаған жылулық сыйлау.

IMG-20211004-WA0011

—Алма ораулы қағаздағы оқушылардың ізгі тілектерін оқыған қариялар көздеріне еріксіз жас алды. Қашан да үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі — қазақ халқының ата салты екені бәрімізге мәлім. Алайда еліміздегі қарттар үйін паналаған қарияларымыз азаймай тұрғаны көңілге қаяу түсіреді. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмек те көбейсе екен,—деп тілейді еріктілер.

 Әлия Ғалымжанқызы,

Госплемстанция ЖОББМ қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале