7.09.2025, 17:38
Оқылды: 291

Бір ауылдан 33 чемпион шығарған жаттықтырушы өз таңдауын жасады

Бұлдыртыдағы әкім сайлауында қол күресінен жоғары дәрежелі жаттықтырушы Төлеген Құраш дауыс берді. Ол №305 учаскеге жанұясымен келді.

photo-output

Төлеген Құраштың А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі негізінде Бұлдыртыдан армрестлинг үйірмесін ашқанына 9 жыл.
Мектептегі спорт залдың аядай бұрышында дайындалып жүріп-ақ чемпион шығарған бапкердің қазір шәкірттерін кең спорт сарайында жаттықтырады.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе Төлеген осы жылдар ішінде жүздеген оқушы тәрбиелеп, олардың 33-і чемпион болды. Атап айтсақ, қол күресінен 1 әлем чемпионы, 2 Азия жеңімпазы, 3 ел чемпионы шықты әрі 27 оқушысы облыста топ жарды.
Төлеген ауылда бұқаралық спортты дамытып, дарындарға кешенді қолдаулар жасалу керек деп есептейді.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале