28.07.2022, 17:15
Оқылды: 83

Бір бумасы – төрт мың теңге

Шөпшілер шалғынға орақ салғалы қолына мал ұстайтын ағайын да елеңдеулі. Олардың ойы – биыл шөп бағасы қанша болады?

таңдау үшін

Осыған орай Теректі ауданының белсенді азаматтары үндеу жариялап, шөп бағасын асыра көтермеуге шақырған болатын.

«Былтыр кей жерлерде қуаңшылық болуы себепті, шөп қымбаттап кетті. Сол кезде жекенің малына жем-шөп дайындап алу қиын болғаны шындық. Биыл ауа райы қолайлы, шөп шығымы жақсы. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығымен айналысатын құрылымдарға көмек көрсетіліп отыр. Нақтырақ айтсақ, жанар-жағармай материалдары жеңілдікпен берілді. Сатып алынатын жаңа ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі 50%-ға төмендеді. Сол арқылы өнім бағасын төмендетуге жағдай туып отыр. Біз, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ауыл шаруашылығы саласына еңбек сіңірген қайраткерлер және жергілікті атқарушы органның басшылығы бас қосып, ақылдастық. Нәтижесінде, мал азығын дайындауға кететін шығынды, соның ішінде шөпшілерге төленетін еңбекақы, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер және т.б.  қосымша шығындарды  ескере отырып, 10 центнер  шөптің бағасы 18 400 - 20 000 теңге болу керек деп есептеп отырмыз. Сондықтан шөп сатумен айналысатын барлық шаруашылықтарды биыл осы баға межесінен аспауға шақырамыз. Бұдан бағасын асыру ауыл тұрғындарының шөп сатып алуына қиындық туғызары сөзсіз. Егер азығы жеткілікті болмаса, халық малын азайтуға мәжбүр болады. Бұл - малмен нәпақасын айырып отырған отбасылар үшін қиын жағдай.

Ағайын, «Малдың жайын баққан білер» дейді емес пе? Өздеріңіз де мал ұстап отырсыздар. Шөпті сатылымға шығарғанда «асыра сілтеуге» жол бермейік!» делінген үндеуге қожалық басшыларының құлақ асып отырғаны қуантарлық жағдай.

таңдауға

Қымбаттап кетіп, қажетті мөлшерде шөп сатып ала алмай қаламыз ба деп отырған теректіліктерге айтарымыз – 300 келілік бума шөптің бағасы 4000-5000 теңге.

Бұл жөнінде ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі  төмендегідей мәлімет беріп отыр: Округтердің  денінде  бір бума шөп 5000 теңге тұрады. Ұзынкөлде шөп бағасы 4500 теңге. Ең арзан шөп Шалқар мен Шағатайда екен.

Шалқар ауылдық округінің әкімі Сабырбек Мусин әлеуметтік желіде хабарландыру жасап, 4000 теңгеден бума шөп сататын қожалық басшыларының байланыс телефондарын көрсеткен.

2 (1)

Ендеше, қолжетімді бағамен шөп аламын десеңіздер, 87774199442 – Манарбек, 87051953557 - Самат, 87076538308 - Нұрбекке хабарласыңыздар.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале