1.03.2025, 11:30
Оқылды: 91

Бір қайнауы ішінде...

Теректі аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен Теректі ауылындағы сумен қамту жүйесін қайта құру жобасын талқылау бойынша жиналыс өтті.

image-01-03-25-07-00

Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, облыстық мәслихат депутаты Сержан Идиятов, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев, ауданның Құрметті азаматтары, "Теректі - Таза су" ЖШС басшысы мен мамандары, жоба жасақтауға жауапты мердігер мекеме "Шымгорпроект" ЖШС өкілі және ауыл тұрғындары қатысты.

image-01-03-25-07-00

2025 жылға жоспарланған Теректі ауылындағы сумен қамту жүйесін қайта құру жобасы жабдықталғанымен, сараптамаға жолданбаған. Жиналыстың басты мақсаты да, сараптамаға дейін қоғамдық талқылауға салып, кем-кетік тұсы болса, қайта жасақтау.

image-01-03-25-07-00

Жобаны таныстыру барысында мердігер мекеме өкілі Ардақ Бедебаевқа тұрғындар тарапынан көптеген сұрақтар қойылғанымен, ауыз тұшытып жауап ала алмады. Сонымен қатар, талқылау барысында аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, ауыл тұрғындарының және сала мамандары тарапынан бірқатар кемшіліктер байқалды. Әлия Биғазықызы тапсырыс беруші мекеме, яғни, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарымен бірлесіп, осы саладан хабары бар жергілікті мамандарды қосып, жобаны сараптамаға жібермес бұрын тағы бір қарап, түзету енгізу керектігін ескертті.

Рауан Сатыбалдиев
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале