6.10.2024, 18:16
Оқылды: 134

«Бір сұраққа жауап беру – болашаққа қадам»

5

Сержан Идиятов, Облыстық мәслихат депутаты, «Теректі» шаруа қожалығының басшысы

Қазақстанда қазір жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Онда маңызды мәселе шешілуде. Біздің елде атом электр станциясы болу немесе болмау жөнінде дауыс береміз. Бұған дейін де атом электр станциясының құрылысына қатысты референдум туралы талқыланып келеді. Содан кейін ғана егжей-тегжейлі құжаттама және мердігер таңдау мәселелері әзірленетін болады.

Дегенмен кейбір желілік сарапшылар референдумды жаһандық геосаясатпен байланыстырып өз ойларын жеткізуде. Бірақ дауыс беру кезінде қазақстандықтар бір сұраққа жауап беруі керек. Ол – «Қазақстанда атом электр станциясын салуға сіз келісесіз бе?». Жауаптың екі нұсқасы бар, яғни «иә» немесе «жоқ».

Сондықтан геосаяси бояуларды уақытынан қоюлатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қалай болғанда да, стратегиялық мәселені шешуге келгенде Қазақстан азаматтарының жауапкершілікпен қарайтыны қуантады. Референдум учаскелерінде дауыс беруші өте көп. Референдум комиссияларының мүшелері үйлесімді және анық жұмыс істеп жатыр. Оң шешімін табады деген үміттемін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале