1.06.2018, 15:43
Оқылды: 35

Бір топ зеленовтық өрен Оралға саяхат жасады

 

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз болашақ» партиялық жобасы аясында Зеленов аудандық филиалының бастамасымен

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудандағы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасы балалары және дарынды балалар Орал шаһарына мәдени саяхат жасауға мүмкіндік алды.

 Зеленовтық балалар осылайша облыс орталығындағы кинотеатрларда болып, кинофильмдер тамашалады.

Сонымен қатар қаланың көрікті жерлеріне де саяхат жасады.

Айта кету керек, шараға жүзге тарта өрен қатысуға мүмкіндік алды.

«Балалар – біздің болашағымыз. Олардың жазғы кезеңде бос уақытының тиімді ұйымдастырылуына партия тарапынан да айрықша көңіл бөлініп отыр. Балалардың жазғы демалыстары жақсы өтсін деген тілек бар, - дейді «Нұр Отан» партиясының Зеленов аудандық филиалы төрағасының орынбасары Тілекбай Қажымұратұлы.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале