Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі әкімінің сайлауы басталған сәттен ерте келіп, азаматтық белсенділігін таныту арқылы №249 сайлау учаскесінен ең бірінші дауыс берген сайлаушы Мәрия Мұхамбетжанова болатын.
Талдыапан орта мектебінің интернат тәрбиешісі болып қызмет істейтін ол таңғы сағат 7:00-де сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Ауыл тағдырына алаңдап, өзіне берген мүмкіндікті тиімді пайдалану арқылы естелік сыйлыққа ие болған белсенді сайлаушының таңдауы оңынан болсын!
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz