5.06.2024, 16:45
Оқылды: 82

«Бірінші талап – сапа» – Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келді.

D49DF238-E57A-43B6-BF83-8180DB2A34A7

Қанат Бейсембайұлы әріптесі ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековпен бірге баспанасы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты.

Сырым ауданында бүгінгі таңда 114 үй бой көтеруде.

Бұлдырты ауылында 25 үй салынып жатыр. Оның 10-ы тың жерден бой көтерсе, 15 тұрғын жаңа баспананы ауласынан салуды сұраған. Құрылыс жұмыстары қарқынды.

– Біздің үй судың қыспағында қалды. Іргедегі сай тасыды әрі үйдің алдынан ағын су өтті. Баспанамыз бүлінді. 20 қой өлді. Оның өтемақысын үкімет қайтарды. Міне, көп уақыт өтпей мемлекет ауламыздан жаңа үйдің құрылысын бастады. Өзіміздік шаңырақ болғасын арагідік құрылысшы жігіттерге жәрдемдесеміз. Бірақ, мамандар өз істерін шебер атқаруда. Іргетас биік-ақ. Қабырғалары қалана бастады. Қызыл кірпіш үй көшеге өң беретін болды. Біз әзір салынбас деп едік! - дейді Достық көшесі #12 үйдің тұрғыны Тайман Төреғалиев.

Орталық көшеде тұратын Ербол Көкенов те жаңа үйді ауладан салуды сұрады:

– Су сарқырап келді. Тіпті ауыл ішінде құм төмпелерді жарып, ағызып әкеліпті. Құм көшеде әлі жатыр. Біздің үйлер тәуліктеп суда тұрды. Қамыс қабырғалы ескі үй, шыдамады. Мемлекет бұзып, жаңасын салу туралы шешім шығарды. Шаңырағым – көпбалалы. Жаңа баспана – солардың ырыздық, несібесі деп ойлаймын. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Уақытында аяқталады деп сенемін! - дейді үйдің иесі.
DB14293A-BF0D-4775-8AE3-0CC0BE94986F
Министр Бұлдыртыдан кейін Жымпитыға келіп, Өлеңтіауылындағы құрылыстың басына соқты. Нысандарды Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов пен орынбасары, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу бойынша комиссияның төрағасы Қайрат Төлепов таныстырды.

Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысы әкімініңорынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевке құрылысқарқынын төмендетпеуді, шетелден келген жалдамалы жұмысшылардың құжат мәселелерін шешуді, жобалардың талапқа сай жүзеге асуын қадағалауды және ең басты мәселе - өңірге құрылыс материалдарын үздіксіз жеткізудітапсырды.

– Мердігерлерден бірінші сұрайтыным – сапа! Үй халық үшін салынуда. Сондықтанжұмыстарыңызға жауаптықараңыздар! Екіншіден - жұмыс күші ретінде мамандарменқатар ауыл адамдарын да тартқан дұрыс, - деді министр.

Айта кетейік, Сырым ауданындағы үйі тасқыннан зияншеккендер үшін құрылысы басталған жаңа баспаналар «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауы арқылысалынуда.

Б.Шерім

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале